1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз.
Аталған проблема бойынша ойыңызды салыстырыңыз.
Бақ-дәулет – бірлікте

Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі
менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-
туыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай,
жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені халықтар
достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-
жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп,
көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық,
дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді.
Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан
көп ұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген
болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел
деген атаққа ие болды.
Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар
достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені
оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай,
жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар
емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден
уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты
қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш

орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар
достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды.
Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып,
жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз
жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.
Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі
тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде
қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып
отырған жұмыс сан алуан.

2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, комментарий жасаңыз.
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол -
Ғаламтор. Адамзаттың интеллектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың
ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды
қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды.
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті
ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие
боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек
уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т. б зияны туралы
айтсақ, ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт
мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда
адамға зияны аз болады. Әрине, кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса, оның зияны
болады.
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба.
Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге
дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет аясы төтенше
шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен
дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған
ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын
бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние
ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында,
нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Мәтіндегі фактілер Мәтіндегі көзқарастар

10203040502017 10203040502017    2   15.02.2021 15:13    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi