1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, жоспар құрастырыңыз. [5]
Елімнің жүрегі – Нұр-Сұлтан
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің
мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап
көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға,
Қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады.
Нұр-Сұлтан - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі
тілеудің қаласы.
Нұр-Сұлтан – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен
білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа
Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл
қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында
астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа
өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік
қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай,
елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды
көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматтық сезім
билейді. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың
жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр.​

Thesanek30rusMaps Thesanek30rusMaps    1   07.12.2020 12:36    1

Ответы
energo5165 energo5165  06.01.2021 12:37
1 шырайлы шахар2болашак кала3.отан журеги астана
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi