1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
КАКТИ
«Қазақстанның Қызыл кітабы» - Қазақстан Республикасы
АКЫТТЫ КІТАБ
аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін
жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым.
1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға
арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді.
Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды, «Қызыл
кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар
түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір
жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген.
Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында
гаралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты
ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші
басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288,
ашықтұқымдылардың 2, кырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10,
Қыналардың 1 түрі берілген.
«Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды
табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
1.1. Мәтіннің қорытынды бөлімінде не туралы айтылған?
A) Қызыл кітап туралы түсінік
В) Бірінші бөлімінің жарық көруі
C) Екінші бөлімнің жарыққа шығарылуы
Д) Қызыл кітаптың тәрбиелік мәні
E) Үшінші басылымында тіркелген деректер
1.2. Бірінші басылымда өсімдіктердің неше түрі тіркелген?
А) 288
B) 2
C) 10
Д) 3
E) 307


1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.КАКТИ«Қазақстанның Қызыл кітабы» - Қазақста

Danika38 Danika38    3   08.12.2020 00:22    0

Ответы

1) Д) Қызыл кітаптың тәрбиелік мәні

2) E) 307

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi