1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнiң қандай мәселелерін көтередi? Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Мәтiннiң негiзгi ойын анықтаңыз 2.Көтерілген мәселе:.. 3.Автордың ойы: 4. Менiн көзқарасым: Бал ашамын деп бәлеге калган... Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет терде отырған бір ақсақал: - Мен сендерге бiр әңгiме айтайын, - деді. Бәрiмiз әлгі кісіге қарап елең еттік. - Бұл өзi бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, - деп жалғады ол сезін. -Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл етті ғой. Сондықтан бiздi ешкiм тергеп, қудалай қоймас... ...Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жiгiт бiрге әскерге аттандык. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жакка алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон кайда?! Кино да көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кiсi жалығады екен. Арамызда бiзден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жiгiт болды. Iшiмiз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке: -Сен бал ашшы, совет жене ме екен, немiс жене ме екен? - дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жiберiп: -Жаудың беті қатты. Куші басым. Бiздiң жеңуiмiз қиын болады-ау! - деді. Кешке бәрiмiздi вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз бiреу жеткiзiптi. «Мұны сендерге кім уйретті? Неге совет әскерiнiң жеңетiнiне күдiк келтiресiндер? Араларында жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудiң астына алсын келіп. Орысша да жендi бiлмейміз ғой. Сұрақтың бiрiн түсiнсек бiрiн түсiнбейміз. Солай құмалақ аштырғанымыз рас,-деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елiнiң немiс фашистерiн жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жур», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсiрiп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдын үкiмiмен соттап жiберiптi. Сол күйі қайтпады. -