1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге ат қойындар, ойды
жалғастырып,сұраққа жауап беріңдер.
Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды. Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды,
өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі
болатынына сенемін»,-дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады.Ақшаның да есебін
біледі.Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады-ау»,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін
көтерісіп келе жатқан баланы көреді.
Сұрақтар:
1. Әңгімеге қандай тақырып қоюға болады?
2. Үш ананың әңгімесі не туралы?
3. Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?

alenapanina00 alenapanina00    3   08.05.2020 06:42    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi