1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, есімдіктерді тауып, мағынасына қарай талдаңыз. СУ ТУРАЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ДЕРЕКТЕР
22 наурыз – бүкіл дүниежүзі су күнін атап өтеді. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен, адамзатқа су ресурстарының қоршаған орта мен қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратынын еске салу үшін қабылданған болатын.
Қазіргі уақытта біздің ғаламшарымыздың 70%-ын су басып жатыр. Дегенмен, осы судың тек 1%-ын ғана ішуге болады. Сонымен қатар, жыл сайын су ресурстарын пайдалану мәселесі де күшейіп жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде, әлемде судың жетіспеушілігіне байланысты 507 қақтығыс болды. Ал, суға байланысты туындаған 21 дау-дамайдың арты соғыс әрекеттерімен аяқталды.
Судың – планетадағы ең қарапайым және ең танымал зат екені бәріне белгілі. Бірақ сонымен бірге, су өзінде көптеген құпияларды жасырып жатыр. Ғалымдар су туралы көптеген қызықты деректер тауып, әлі де суды зерттеулерін жалғастырып жатыр.
2-тапсырма. Мәтіннен 3 детальді ақпаратты анықтаңыз.
СПОРТ –ҰЛТТЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАТЫН ҚҰРАЛ
Ардақ Құттықожаұлы, сізге қойылатын әуелгі сұрақ, спортпен шұғылдануды қашан, қайда бастадыңыз?
-Спортты алғаш 1991 жылы ауылда бастадым. Алдымен грек-рим күресімен шұғылдандым. Менің болашақ спортшы ретіндегі алғашқы қадамым осылай басталды десек болады.
-Спорттағы ұлттық рух жайлы не айтасыз?
– Спорт – ұлтты әлемге танытатын үлкен құрал. Ал, қазіргі үлкен спортта жүрген азаматарды бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Біреулер айтып жүргендей, жекпе-жек – төбелес емес. Ол – өнер. Ақылың асып, айла-тәсілің жетіп жатса, қашанда мерейің үстем. Ал баз біреулер айтқандай, «рухың» мықты болса, жеңіс сенікі емес. «Рухың» тек рингке алып шығуы мүмкін. Ал дайындығың кемшін, айла-әдістерді жетік меңгермесең, рингте «ұйықтап» жатасың. Сондықтан рухыңа – күшің, ақылыңа айлаң сай болуы керек. Жеңістің кілті – осында.
А құстың қос қанаты сияқты екі күш болады. Бірі – дене қуаты, екіншісі – рух қуаты. Егер рух қуаты болмаса дене қуаты түкке тұрмайды. Рух қуаты күшті болу үшін имани ұғым керек. Мысалы, «нар тәуекел» дейміз. Имани ұғым-түсінігі болмаған адам кімге, неге, тәуекел етпек. Адам тек Аллаға ғана тәуекел етуі тиіс емес пе?! Адамға жәрдем-қолдау беретін тек қана Алла. Осыны толық түсініп, иман келтірмейінше адамның рух қуаты орнықпайды. Сол себепті спортшы адамды тәрбиелеушілер (бапкерлер) рухани тәрбиеге қатты маңыз бергені дұрыс. Ол үшін ол адамның өзі де рухани тәрбиеден сусындаған болуы керек.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
1.
2.
3.
даю пд нужно