1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыл, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. Қазақстандағы сұлулығына көз тоймайтын көлдердің біреуі - Қайыңды көлі. Ол 1910 жылы болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған. Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы - 600, ені - 300, ал тереңдігі - шамамен 30-40 метр . Мұнда дәрілік шөптердің 47 түрі кездеседі. Мұнда тіпті біртіндеп жоғалып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің ондаған түрлерін кездестіруге болады Қайыңды көлінің айналасын аң-құстың түр-түрі мекендейді. Деректерге сенсек, аң-құстардың 197 түрі, оның ішінде орманда мекендейтін 82 түрі бар. Еліміздің Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің алтауы, құстардың - 13 түрі кездеседі. Олардың арасында аң атаулыдан Тян-Шаньның қоңыр аюы мен әйгілі арқары, тау сусары, қар ілібісін кездестіруге болады. Қайыңды көліне демалуға барған әрбір адамның жүйке жүйесі айрықша дем алып, ерекше күйге беленеді. Қарасаң көз тоймайтын табиғаты тамылжыған бұл өлкеге биік тауда есетін көрікті де әсем Тянь-Шань шыршалары мен көлдің ортасына ерекше көрік беріп тұрған қылқан жапырақты ағаштардың үйлесімі көркіне аяар бітіріп тұрғандай. 1.Ақпараттың дұрыс\бұрыстығын анықта. Ақпараттар + дурыс - бурыс Қайыңды көлі Қазақстан жерінде орналаспаған. Келдің ортасында қылқан жапырақты ағаштар өседі. Көлдің пайда болғанына үш ғасыр болды. Қайыңды келі теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан. Бұл жерден Қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің 6 түрін кездестіруге болады. 2.Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыл, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. Қазақст

maxmaxibon11 maxmaxibon11    3   11.12.2021 13:35    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi