1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. (Прочитайте внимательно текст, выполните ниже задания)          Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, қар түседі. Бірінші көрші таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза.
Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, қараса - көршісінің жолы тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде – жолы тағы да түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні  олар көшеде кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
-Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң қалады да, соңынан күліп жібереді:
-Мен оны тіпті де жинамаймын – маған достарым келеді!​

semchenko2005 semchenko2005    3   05.05.2021 13:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi