1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз. Еліміздің еңсесі биік екенін, ұлтымыздың ұлылығын, мемлекеттілігіміздің мығымдығын, қазақ халқының жасампаз қасиеттерін жаһан жұртшылығына паш еткен тарихи сəтке куə болу үшін көптеген мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшылары келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мəртебелі меймандарды қалыптасқан халықаралық рəсімдерге сай, қазақ халқының қонақжай пейілін көрсетіп қарсы алды. Салтанатты рəсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті.
– Біз ЭКСПО көрмесін ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, Қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген əлемдегі 35 елдің қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін əйгілейтін басты алаңға айналады. Тəуелсіз Қазақстанның символы – Астана нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады, – деді Елбасы.
Көрмеге дүние жүзінің 100- ден астам мемлекеті мен 20-дан астам халықаралық ұйым қатысып жатқаны белгілі. Қазақстан Президенті өз сөзінде олардың халықаралық көрмеге атсалысқандары үшін алғыс айтты.Мемлекет басшысы осыдан бір жарым ғасыр бұрын Лондонда өткен алғашқы дүниежүзілік көрмеден кейін адамзат орасан зор технологиялық өзгерістерді бастан өткергеніне тоқталып, бүгінде тиімді және қауіпсіз энергия саласындағы тың жаңалықтар қарсаңында тұрғанымызды атап өтті. Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесі осы жаһандық үдеріске өзінің айрықша үлес қосатынына сенім білдірді. Заманымыздың озық ойлы адамдарының қатысуы жоспарланған іс-шаралар адамзат дамуының жаңа бағыттарын айшықтайды. Миллиондаған қазақстандық пен дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін 100 мыңдаған қонақ әлемдік ғылыми және инженерлік ақыл-ойдың керемет жетістіктерімен танысатын болады.
«ЭКСПО бағдарламасында 6 мың түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Олар әлем елдері арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, ғылым, бизнес және қоғам арасындағы табысты іс-қимылға, сондай-ақ Қазақстан мәдениетімен танысуға септігін тигізеді. Біз келуге тілек білдіргендердің барлығын еліміздің басқа да өңірлерін аралап көруге, бірегей табиғатымызбен және тарихи мұрамызбен танысуға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әлемнің экологиялық тұрғыдан теңдессіз және орнықты дамуының маңыздылығына тоқталып, ЭКСПО-2017 тақырыбының біздің еліміз үшін өзекті екеніне ерекше назар аударды.
«ЭКСПО – ғылыми жаңалық қана емес, барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден бері бұл шара ұдайы жаңа идеялар бесігі болып келе жатыр. Атап айтқанда, алғашқы телефон, аткөлік, компьютер, Жер серігі мен атом электр стансасы секілді жаңалықтардың барлығының тұсауы осындай ЭКСПО-ларда кесілген болатын. Сол игі үрдісті жалғастырған Астана әлемдік инновациялар орталығының бірі ретінде танылады деп сенемін, – деді Президент.
«Егеменді Қазақстан» газеті, 12 маусым 2017 жыл

Мәтіннің стилі

Мәтіннің жанры

Мәтін құрылымы

Мәтіннің ресімделуі

Тілдік құралдары

2-тапсырма.
Оқылым материалы бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз.

3-тапсырма.
Берілген жай сөйлемдерді салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

1. ЭКСПО бағдарламасында 6 мың түрлі іс-шара өткізу жоспарланған,...

2. Қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген əлемдегі 35 елдің қатарына қосылды,...

3. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін əйгілейтін басты алаңға айналады,

ykim1337 ykim1337    1   14.12.2020 08:59    68

Ответы
kostja07 kostja07  14.12.2020 09:00

а как делать? а как делать? а как делать?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi