1- тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазақстанда тіршілік ететін ортасына қарай жан- жануарлар :

-Орманда тіршілік ететін жануарлар.

-Тауда тіршілік ететін жануарлар.

-Далада тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді.

Мәтін «Қар барысы»

Қар барысы- биік тауда тіршілік ететін ерекше әдемі жыртқыш аң. Ол өте айлакер ,күшті әрі жылдам. Қар барысының екінші атауы -ілбіс.

Қар барысы азығын 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады.Ұсақ жануарлар мен құстардан басқа кейде арқарларға да шабуыл жасайды.

Барыстың денесі 120 -150 см-ге ,құйрығының ұзындығы 90 см -ге ,ал салмағы 23-43 кг-ға жетеді. Түсі көк сұр,теңбіл. Денесінде дөңгелек дақтары бар. Жүні ұзын әрі қалың .

2-тапсырма Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз.

Сын есімдер: қандай? қай? биік, әдемі, жыртқыш, т.б.​

artemsavenkov artemsavenkov    1   03.11.2020 17:44    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi