1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Түркістан — көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында
орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы — Яссы. Бүгінде Түркістанға туристер
көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи
ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл
салынған. Кесенеде 35 бөлме бар. Түркістанда 16 ғасырда салынған Шығыс
моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ.
Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды. Қасиетті Түркістан –
қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
1. Мәтіннің мазмұнына қатысты 3 сұрақ құрастырып жаз.

MrReizer MrReizer    2   09.12.2020 08:46    0

Ответы
Metyakarimi Metyakarimi  08.01.2021 08:49

1) Түркістан қайда орналасқан, қаланың бұрынғы атауы қандай?

2) Түркістанда кімнің кесенесі бар?

3) Түркістанда 16 ғасырда салынған не бар?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi