1-тапсырма. Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Карл отбасымен Германияға көшіп келеді. Зайыбы Людмила Эрминбурш екеуі арнайы неміс
тілінен сабақ алады. Өзі жиһаз фабрикасына жұмысқа орналасады. Жалақысы да Қазақстанға
қарағанда едәуір жоғары, бірақ жалақының үштен бірі жалдап тұрған баспанаға жұмсалады.
Жекеменшік үй мәселесі қиын. Жергілікті немістерде бір-біріне қонаққа бару, араласу деген
сирек кездеседі. Германияда бұлар үшін барлық жағдай жасалған, алайда Карл туған жерін аңсай
бастайды. Әсіресе ауылдың шаң басқан көпшелерін, кең даланы, жусанның иісін сағынады. Ұзақ
ойланған Карл Рейман отбасы Қазақстанға қайта оралады.
Қазір олар Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында тұрады. Сол бұрынғы өздері
тұрған көшеден үй сатып алды. Олардың бау-бақшасы, ірі қара малы, үй құстары бар.
Карл қазақ тілінде жақсы сойлейді. Қазақ арасында оскендіктен халықтың салт-дәстүрлерін
де жетік біледі. «Қай елде өмір сүрсең де адамгершілік қасиетінді жоғалтпау керек. Сол елді
қадірлеуге тиіссің. Менің Отаным – Қазақстан Республикасы», – дейді Карл Рейман.
1. Карл қайда жұмысқа орналасады?
2. Жергілікті немістерде не сирек кездеседі?
3. Карл қазақ арасында өскендіктен нені жетік біледі?
4. Карл қандай қасиетті жоғалтпау керек деп айтты?​

andriybiguniak2 andriybiguniak2    3   05.05.2021 11:11    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi