1-тапсырма. Мәтінді екі рет мұқият оқып, кестедегі оқиғаларды ретімен орналастыр.

«Көшпелілер» дегеніміз – мал шаруашылығымен айналысатын халық. Олар көшіп-қонып тіршілік ететін адамдар. Бұл аймақ – далалы, шөл, жартылай шөлейт жерлер болған. Мұндай жерде жаңбыр аз жауады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді. Көшпелі өмір салты халықтарға табиғатты қадірлеуді үйретті. Олар табиғатқа жақын болды. Сондықтан көшпелілерде «жабайы табиғат» деген ұғым болмады. Көшпелілердің өмірі туралы көптеген тарихшылар, философтар жазды.
Сақтар туралы құнды жазбалар сақталған. Олар көшпелілерді «әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп бағалады. Тарихшы Геродот көшпелі сақ тайпасын мақтап жазған.
Ал Қытайлар «көшпелілерді жабайы, мәдениеттің қас жауы» деп есептеді. Себебі сақтар батыр, ержүрек, мықты халық болды. Сондықтан көршілері олардан қауіптеніп отырған.

1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.

2. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
1. Себебі сақтар батыр, ержүрек, мықты халық болды.
2.Тарихшы Геродот көшпелі сақ тайпасын мақтап жазған.
3.«Көшпелілер» дегеніміз – мал шаруашылығымен айналысатын халық.
4.Олар табиғатқа жақын болды.
5.Мұндай жерде жаңбыр аз жауады.

2-тапсырма. Жазылым.
«Судың адам өміріндегі маңызы»тақырыбында досыңызға шағын хат жазыңыз. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін (сұрақ белгісі, леп белгісі, нүкте) дұрыс қолданыңыз.

Kostia06 Kostia06    1   15.12.2020 09:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi