1-тапсырма: Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін ескере отырып, 2- сынып «Әдебиеттік оқу» пәнінен өз қалауларыңыз бойынша мәтінмен жұмыс жасаңыз.
2-тапсырма:
Мәтіннен көнерген сөздерді тауып, мағыналық талдау жасаңыз.
Жиырма шақты шәкірт орталарынан ат жалдап, алты арбамен Семейге елдетіп, төтесімен тартты. Түскен жеріне отрядтай- ақ қорқынышты. Лаудан ығыр болған ел арбалылардың қарасы көрінгеннен-ақ жылқысын іннен-інге тығылады. Лау мінбейтін шәкірттер екенін білген соң ғана жүрегі орнына түседі.
Баян төңірегіндегі айдабол, қаржас, қозған, күліктің малы дөңгеленіп қалыпты. Ең бай деген ауылдан өрген сиыр 60-70-тен аспайды. Қотан боларлық қой қадау-қадау ұшырайды. Көбінесе жазықтың қоянындай бытырап, үркердей шошайған сандырамалар. Түндікке (атағозы бойы) құлап, орманды қаракесек ішіне кірген соң ғана қара мал қоқырланып көріне бастады. Айғыржалдың найманына кіргенде мал тағы селдіреді. Кейбір ауылдың қыстаулары иесіз қорадай, маңайы жым-жылас болып, қуарып, сорайып тұрады. Төңірекке мойын созып, дөңеске шыққанда, адырдың саласында, әйтпесе татырдың құлағында, құдық жақтағы ойпаңда айғыр үйір жылқы, таздың шашындай қыдырынды сиыр көзге түседі. Малсыз ауыл сақал- мұртсыз ауыздай, жылмырайып жараспайды екен. Жерінде не шабындық, не егіндік, не бір биік тау, не бір көл, өзен жоқ, кер бетегелі кедір- бұдыр жалтаң, сортаң, шөлейт, құба жол. Дуадақ отырмаса, адам қоныс қылар жер емес (Ж.А., 130).