1-тапсырма Мәтінді 2 рет мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін
анықтаңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен
халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайшы
Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды.
«Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен
берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат
бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған «лазурит жолы» деп аталған. Екінші
тармағы – Қытайдағы ишераторлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит
тасын тасымалдайтын нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат
бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолың бойында Испиджаб.
Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.
Ақпараттар
+дұрыс
-бурыс
Адамдар ерте кезден сауда жасаған
Қалалар мен халықтарды байланыстыратын жол пайда
болды
Көк тас лазурит тасымалданған
«Ұлы Жібек жолы» деген атауды саяхатшылар берді