1 тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастыр.
Адамдар өркениетке жаңадан ұмтыла бастаған
кездерде-ақ өнерді айрықша бағалап, жан-
дүниелерімен түсінген. Өзге өнер түрлеріне
қарағанда, музыка ерте дамыды. Себебі, ырғақ
мен әуен - адамның ішкі түйсігінен туындайтын
табиғи өнер. Сондықтан сезімтал, әсершіл
жандар музыканы жүрекпен сезініп, көкейінде
жүрген әуенді сыртқа шығаруға асығады.
Музыканың ырғағы биге жетелеп, денені түрлі
қимыл-қозғалысқа бейімдейді, осылайша би
қадамдары дүниеге келді.
Би, драма және музыка адамның сезімі мен
эмоциясын бейнелейді. Адам шаршаған кезде
музыка тындап, билеп немесе драманы
тамашалап тынығады, рухани ләззат алады.
Қоғамдағы адамдардың даму деңгейін,
өркениетін музыкасы мен биіне, драмасына
қарап та аңғаруға болады.