1- тапсырма. Өлеңді оқып шығып, тақырыбы мен негізгі ойды анықтаңыз. (Прочитайте стихотворение, определите тему и основную мысль.)
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып
Жасы үлкендер бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Өлеңнің тақырыбы
Негізгі ойы
2 – тапсырма. Өлең бойынша екі сұрақ құрастыр. (Составьте два во по стихотворению.)
1.
2.
3 – тапсырма. Абайдың «Жаз» өлеңіндегі мәліметтерді жинақтап, суреттерді пайдаланып, постер, сызба-кесте әзірлеңіз. (По содержанию стихотворения Абая и на основе рисунка составьте постер к стихотворению Абая «Жаз