1-тапсырма Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, тілдік ерекшелігін талдаңыз.
Мысалдар
Көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтаңыз
Қолданысын талдаңыз
Автордың тілдік ерекшелігіне пікіріңіз
Еділді алса – елді алар,
Енді алмаған нең қалар?
Жайықты алса – жанды алар,
Жанды алмаған не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы сонда не қалар?
2-тапсырма
Жыр жолдарынан ақынның қандай көзқарасын тануға болады? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз.
Дұшпан — тазы, біз — түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық Құлғанадай қадалған.
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең Құдайым,
Сақтағайсың саламат!
3-тапсырма
Берілген үзіндіні негізге ала отырып, шығарманың идеясын адамгершілік тұрғысынан талдаңыз.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық...
...Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол –ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
4-тапсырма «Ақыл – білімге бастар жол» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.