1-тапсырма. Кім көп біледі? Қазақтың қандай жыр-дастандарын білесіңдер? А) Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Баяндау желісін сақтай отырып, әр бөлігінен алынған
ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазыңдар.
Шамамен VI ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны
мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп «Түрік қағанаты» деп аталатын
мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби-мәдени өмірін жыр
еткен ғажайып дастандар бар. Олар – «Күлтегін», «Білге қаған» және
«Тоныкөк» жырлары. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға
қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан
да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын
таңдандырып, тамсандырып келеді...
Қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды»
тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-
түсіндірме көркем қарасөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады.
Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар
жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны
ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз
деп есептеген сәттерді жыр арасында қарасөзбен де жеткізіп отырған.
Осы заңдылықты Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктерге арналған үш
шығарманың үшеуінен де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның
жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін суреттеуде сан түрлі
бояуды, бейнелеу тәсілін мол пайдалана отырып, шабытпен жырлаған
автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады.
«Күлтегін» жырындағы мынадай өлең жолдарына назар ауда-
райықшы:
Бек ұлдарың құл болды...
Пәк қыздарың күң болды...
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.