1-тапсырма Екі мәтінді оқыңыз. «ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛМЕК

Биылғы жылы өңірімізде «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.Елбасы Қазақстандағы Жастар жылының ашылуы барысында өткен жиында. әрбір облыста шетелдік профессорлардың қатысуымен «Назарбаев Университетіне» жақындатылған университет пен 100/200 қағидатына сәйкес келетін 10 үздік колледж құруды тапсырғаны мәлім. Венера Шавкилова бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

— «Жас маман» бағдарламасы аясында облыстан еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беретін 10 колледж таңдалып алынды. Бағдарламаға енген мамандықтар аясында колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп күтілуде.

Биыл мектеп бітіруші 9-сынып оқушыларының 40 пайызы, 11-сынып оқушыларының 25 пайызы кәсіптік оқуды таңдайды деп жоспарланып отыр, — дейді ол.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда жұмыссыздарға әртүрлі мамандықтар бойынша курстар ашылып, кәсіптік біліктіліктерін арттыру ісі қолға алынғаны белгілі. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытылады.

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамтуорталығы директорының орынбасары Алтынай Маханованың айтуынша, биыл 945 жұмыссыз және өзін-өзі қамтушы азаматты қысқа мерзімді қайта даярлау курсына бағыттау жоспарланды.

Үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін 337 жұмыссыз еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша курстан өтті. Оқыту курстары 3 айға созылады. Сондай-ақ 16 759 теңге шәкіртақы беріледі. Жұмысшы мамандықтарының тізіміндеқоғамға қажетті электромонтажшы, автослесарь, автоэлектрик, қазандық операторы, кең профильді тігінші, кондитер сияқты барлығы жиырмадан астам мамандық түрлері бар.

Тігінші — еңбек нарығында танымал, халыққа қызмет көрсету саласында қажетті мамандықтардың бірі. Бүгінде бұл мамандыққа сұраныс та жоғары. Ақтөбелік тұрғын Алмагүл Далабаева «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып жатқанын естіп, өз білімін жетілдіріп шықты.

2-тапсырма Берілген сөздерді құрамына талдаңыз.

Жас маман, мамандықтар, тігінші, электромонтажшы, еңбек нарығы

Үлгі: жас маман- туынды сөз, күрделі тіркес сөз, зат есім, жалпы, деректі

3- тапсырма. Әр мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.​

emmadetes emmadetes    3   17.03.2021 06:03    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi