1-тапсырма. Берілген үзінділердің біреуін таңдап, өз ойыңызды білдіріп, монолог жазыңыз • Абылай ханның баласы
Асып туған Қасым-ды
Арғы тегін сұрасаң,
Шынжыр қатар асыл-ды
Саржан атқа мінген соң,
Төренің бағы ашылды.
Қарсы келген егесіп
Дұшпанның көңілі басылды
Жалғыз Саржан не болар,
Есенгелді қосылды.
• Кенесары, Наурызбай
Мұсылманға жан тартты.
Ерегескен дұшпанның
Жылқысын алып ,зарлатты.
Азырақ күн бақыты
Жанған оттай қаулапты.
Бір күндері болғанда
Тортөбөл атын ұрлатты.
Бас себебі сол болып,
Қырғызға қарай жол тартты
2-тапсырма. Автор стиліне сүйене отырып, «Кенесары-Наурызбай» дастанының идеясын азаттық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарымен байланыстырып, өз шығармашылығыңызбен жалғастырыңыз. (өлең немесе ойтолғау түрінде)