1-тапсырма Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз. ...Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді.

2-тапсырма . Бос бағанды толтырыңыз. «Алып Ер Тұңға» жыры

Жырдың тақырыбы

Әдеби жанры

Негізгі идеясы

Жыр сюжеті

3-тапсырма. Жырдағы автордың бейнесін, ойын анықтаңыз.

Алып - Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма? Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар... Тербетер салты мұндай-ақ, Бұдан да басқа сөз көп-ақ.

Заман атса кезеп-ақ,

Таулардың басы күйрелер...

4-тапсырма. Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құралдарды (троп түрлерін) анықтаңыз.

Қашықтасың туған жер - қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді, Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түнереді.​

Veronika234629 Veronika234629    1   19.10.2020 03:09    45

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi