1-тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ойды білдіретін
сөйлемдерді іріктеп, ой қорыта отырып ықшамдаңыз. (70-80 сөз)
Мәтін
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су
таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек
өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай
жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге
жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын
ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы
жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі
шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің
қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың
іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты
ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда,
шыдамаған тесік шелек су тасушыға кысыла-қымтырыла: «Сізден
кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене
жаздаймын» депті назарын төмен салған күйі. Таңқалған су тасушы:
«Неге?» деп сұрапты.
Шелек: «Өйткені менің бір бүйiрiм тесік болғандықтан ылғи да сіз
толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген
міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей катты қысылам. Менің