•1 - тапсырма.
Берілген сөйлемдерге назар аударындар. Не түсінгеніңді қысқаша баяндаңдар.
1. Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ.
2. Кітап-рухани қазына.
3. Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
•2-тапсырма.
Берілген сөйлемдерді аяқтандар. 1. Мен көп кітап… .
2. Кітапты көп оқыған адам білімді .
3. Арманым - білімді азамат болу.
•3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Дүниенің сырын білуге есік ашатын кілт - білім. Дана
бабаларымыз: «Күш - білімде, білім -кітапта», "Мұхит басы -
бұлақ, білім басы - кітап", деп бекер айтпаған. Адам асыл
мұратын, арман - мақсатына білім арқылы жетеді.
Ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын-жазушылардың
шығармаларын оқыған адам білімді, тәрбиелі, өнерлі
болып өседі.
Ағылшын философы -Фрэнсис Бэкон: «Кітап оку адамды
білімді етеді, ал жазып отыру эдеті сауатты етеді» ,-дейді. Ал
Конфуций: «Білген
адам
өкінбейді,
мейірбан адам
мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды",-деген.
•4-тапсырма.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңдар.
•5-тапсырма.
Мәтін мазмұны бойынша кесте немесе сызба жасандар.