1-тапсырма: Берілген сөйлемдердегі толымды сөйлемді бір бөлек, толымсыз сөйлемді бір бөлек етіп көшіріңдер. – Бір қимылды істеуін істедің. Енді сақ бол!
Тегін емес екенін де білген. Қараша қара сойылға мықты болатын.
Құнанбай қолын бұл ұрыста бастаған – Құлыншақтың батыр ұлы Манас. Қоян – қолтық жерден жақсы килікті. Ол алдарынан тосқауыл болатынын білген кісідей екен. Аналар қаптап қоя берсе де, түк сасқан жоқ.
Абай, көбінесе Жидебайдағы шешелерінің қасында болды. Көктемге дейін күндіз – түні кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы қарағаны осы. Ғабитхан да оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп – көп асыл бұйымдар тапты.
Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап, бір күні кешке:
Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз болып, мойны – басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға! – деген.
2-тапсырма: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратыңдар.
Биылғы көктем – талайдан болмаған көктем. Өзі тіпті күзге ұқсай ма әлде (не). Жарқырап, жадыраған әсем көктемі жоғы былай тұрсын, егіс бітіп, көк шығып қалған кезде қар (да) жауды. Май ортасы ауып бара жатса (да) әлі күнге үскірік суық айықпайды. Талайдан бері күн көзін көрсетпей жөңкіліп бүктеліп көшкен қою қара бұлт бүгін (де) бітпестей боп баяу қалқып маңып барады. (М.Ә.)
3-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қоя отырып көшіріңдер. Жай сөйлем түрлерін ажыратыңыздар.
Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткен болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үй...не барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
– Балалар аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дау...стап:
– Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.
Малайсары жалт қарап.
– Ата тұрып ұл сөйлеген...ен без,
Ана тұрып қыз сөйлеген...ен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім? – дейді.
– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, -- дейді Сырым.
– Сен толған екенсі..., мен тозған екенмін, -- деп, Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
(«Шешендік сөздер» кітабынан).