1-тапсырма: Берілген мақал-мәтелдерден сын есімді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз, морфологиялық талдау жасаңыз. 1. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
2. Ұялшақ, сыбағасынан құр қалар.
3. Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік.
4. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
5. Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.
6. Жаяуға жол алыс.
7. Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.