№1-тапсырма. Берілген мәтіннен детальді ақпараттарды табу. Ол үшін бейнесабақты көру міндетті. Төменде берілген сұрақтар негізінде жазу қажет. Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.
1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған.
Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
Не, нелер?
Қайда?
Қашан?
Қандай?
Қанша?
№ 2-тапсырма. Берілген ақпараттарды қолданып тақырып бойынша сипаттама мәтінін жазу.
1. Бекет ата, емші, көріпкел, ғұлама, мешіт, зиярат етушілерШопан ата қорымы;
2. 1750 жылы;
3. Бұхарада, Маңғыстау облысы Үстірт, Ақтау қаласы Қарақия ойпаты, Жаңаөзен қаласы;
4. жер асты, ерекше.