1-тапсырма берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердегі негізгі 5 ақпаратты салыстыра отырып анықтаңыз.
Болашақта ең қажет етілетін мамандықтар
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,
жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен
бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау... Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін,
адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным
қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің
қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының
сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі Ендеше, мамандық таңдау сатысында тұрғандар үшін
аналитиктердің болашақта ең қажет етіледі деп тапқан мамандықтармен таныстырып өтейін.
1) Инженерлер. Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің
өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.
2) IT саласының мамандары.Әрине, бұл саланың адамдары біздің өмірімізге өте көлемді тамырын
жайып үлгерді. Бірақ, бұл болашақта IT саласының мамандары көбейеді деген сөз емес. Өйткені, күнделікті
өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқан соң бұл мамандар қанша көп болса
сонша жақсы болып тұр.
3) Нанотехнология саласының мамандары.Әлемдік эксперттердің болжауынша, нанотехнология
саласы болашақта ғарыш, машина жасау, тамақ өндірісі, медицина сияқты ірі салаларда үлкен рөл
ойнайтын болады. Сондықтан бұл саланы таңдасаңыз өкінбейсіз деп айта аламыз.
4) Электроника және биотехнология мамандары. Бұл салалардың әлемдік сахнада өзіндік үлкен орны
бар. Болашақта жаңа қуат көздері, электроникалық жаңалықтар мен жүйелер, молекулярлық медицинада
өз еңбегіңізді сіңіргіңіз келсе аталған мамандық сіз үшін.
5) Маркетологтар. Маркетологтар жұмыс басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге өте
қажетті болған, болып жатыр және бола бермек. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы
ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың ерекше орны болатыны
сөзсіз.
Көмектесің дерші өтінем​

Filonov1812 Filonov1812    3   11.12.2020 02:22    1

Ответы
Mariya1616161 Mariya1616161  10.01.2021 02:23

таптнба керек боп тур

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi