1-тапсырма Берілген мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын жазыңыз.
Мәтін ішінен екі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Біз кімге айналып бара жатырмыз?
Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер
генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс.
Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен
өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей
ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін
ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза
органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен
салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені
анықталғанға ұқсайды...
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың
қажеті қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп,
егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды
тағамға зар болып отыр ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен.
Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін
басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені
қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден
алыстатып жібермей ме?..

Соня13377 Соня13377    1   24.02.2021 10:24    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi