1-тапсырма. Берілген өлеңдердің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаңдар. Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Ерлерге ерегіскен не қылмады?
Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,
Оны да аңсыз жерде жазымдады.
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,
Алланың құдіретіне шараң нешік
Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай
Алланың құлы болсаң бізге күлме,
Тап болар тасқан елге мұндай ылаңКөркемдік ерекшелігіне талдау
3-топқа
Жайық сені қайтейін,
Ағашың абат көрінген,
Жапырағы жерге төгілген
Жапырағы жасыл алқа қамқадай,
Бұтағы бұрама күміс алқадай,
Баттауығы білектей,
Боташығы жүректей,
Балдырғаны соққыдай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығының көптігі –
Суына жылқы жаптырмас...
Шырмауығының көптігі –
Шөккен түйе таптырмас
4-топқа.
Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық.
Құлғанадай қадалған,
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең қүдайым,
Сақтағайсың саламат!