1-тапсырма. Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді мәтіннен тауып, жазыңдар. Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романынан үзінді

Сонымен, бірден мәселенің мән-жайынан бастайын. Мен бұрын-соңды беймәлім болып келген адам рухының пайда болуын таныдым, осы адамзат эмбрионының көрінісі, ашылуы және іске асуы бізді Жаратушының құпияларына әбден жақындатуы мүмкін. Мен бұл бұл құпияны тәжірибе түрінде жасап көруге жақсы мүмкіндік алдым және оны адамзаттың эволюциясын жақсартудың жаңа мүмкіндіктері деп санаймын. Мен қайталап айтамын, мен ең үлкен жаңалық аша алдым, оның салдары адамзаттың болашақ өміріне сөзсіз әсер етеді. Өзім туралы осылай айтуыма тура келді, себебі ешкім де қол жеткізген жетістіктерімді бағалай алмайды, ғылымда мұндай жаңалық болып көрген жоқ.

KristiDever KristiDever    1   02.11.2020 09:37    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi