1-тапсырма Бір қазақ музыкалық аспабы туралы дәптерге көшіріп жаз. Законспектируй в тетрадь об одном из музыкальных инструментов.

Қылқобыз

     Қылқобыз – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Сыбызғы

      Сыбызғы – қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600-650 см не 700 - 800см болады. 3-4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық – этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Дауылпаз

       Дауылпаз – қазақтың литаврасы. Сабы бар, диаметрі 30 см аспап. Екі жағында да былғары жамылған. Аспаптың дыбысы өте жарқын естіледі, сондықтан әскери жорықтар кезіндегі шабуылдың басында, аң аулау кезінде, қозғалу туралы хабарлау үшін қолданылған. Бұл аспапта қолмен немесе қамшымен ұру арқылы ойнауға болады.

2-тапсырма.  Әр мәтінге екі сұрақ қой , жауаптарын жаз.  

К каждому тексту поставь по два вопроса и напиши ответы.

Ақпанның  төрті

Қылқобыз

сүрақ:

жауап:

сұрақ:

жауап:

Сыбызғы

1-сүрақ:

жауап:

2-сұрақ:

жауап:

Дауылпаз

1-сүрақ:

жауап:

2-сұрақ:

жауап:​

nano82 nano82    2   04.02.2021 17:14    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi