1-Тапсырма "Қайтқанда" "Возвращение" үзіндіні оқып,орыс тіліне аударамыз Встреча Абая с отцом после возвращения с учебы.

" Қайтқанда" – 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді.

«Осы жиынға қараған бетiмен, екi жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын бiреу алып кете бердi. Бала көп iшiнен, ең алдымен өзiнiң шешесiн көрiп, соған қарай жүре берiп едi, шешесi анадай жерде тұрып:

– Әй, шырағым балам, әуелi аржағыңда әкең тұр. Сәлем бер! – дедi.
Абай жалт қарап барып жаңа көрдi. Анадай жерде, қонақ үйдiң сыртында, қасында екi-үш үлкен кiсi бар – әкесi Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесiнiң сондайлық салқын сабырының мәнiн ұқты да, әкесiне қарай тез бұрылды…

– Балам, бойың өсiп ер жетiп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп бiлiмiң де өстi ме?– дедi. Кекету ме, жоқ күдiк пе? Немесе шынымен жай бiлгiсi келгенi ме?
Бала ес бiлгеннен берi қарай әкесiнiң қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрi бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесi де бұл баласының сондай сезгiштiгiн өзге балаларынан артық санаушы едi. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешiрмейтiн әке мiнезi Абайға мәлiм. Ол сабырлы, момын пiшiнмен:
– Шүкiрлiк, әке, – деп бiраз тұрды да – ат барған соң, дәрiс тамам болмаса да, хазiреттiң рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, – дедi.
Тiптi ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзiрлеген жауабы едi».

2-тапсырма Кестені дәптерге көшіреміз.

«Абай жолы» - I кітап

Бөлімдер

Басты оқиғалар

«Қайтқанда»

А) Абай Семейден елге оралады.

Ә) Қодар мен Қамқа өлімі

Б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы. Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

-Абай Құнанбаев туралы не білесіз?

-Абайдың тәрбиесіне кімдер көбірек көңіл бөлді?

-Отбасында әкенің орны қандай?

-Абай жолы роман эпопеясы жайлы не білесіздер?

-М.Әуезов кім?

-Қандай шығармаларын білесіздер?

4-тапсырма Орысша-қазақша сөздікті пайдаланып, Мұхтар Әуезов тура-
лы айтылған сөздерді қазақ тіліне аударып жаз.

1. Его Книги издавались на тридцати языках народов мира, в том числе в
таких странах, как ГДР, Болгария, Польша, Франция. О нем писали люди с
мировым именем (Абдижамил Нурпеисов).
2. Мухтар Ауэзов был светлым человеком, светлым сыном казахского наро-
да ( Евгения Книпович).

Назар233 Назар233    2   29.09.2020 08:52    4

Ответы
sasaaaru sasaaaru  29.09.2020 09:01

ответ:«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекінген екен.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi