1-тапсырма. Ашық сұрақтарға 3 сөйлеммен жауап беріңдер, өз жауаптарыңда зат есімдерді түрлендіріп қолданыңдар (астын сыз).
Егер сен суретші болсаң, нені елестетер едің?
Шығармашылық адамы дегенді қалай түсінесіңдер?
Дескриптор:
Сұраққа нақты жауап береді;
Ойын жүйелі жеткізеді;
Өмірден мысал келтіреді;
Зат есімдерді түрлендіріп қолданады;
ҚБ.
2-тапсырма. Мәтіннен күрделі зат есімдерді теріп жазыңдар (біріккен сөз, қос сөз,
тіркескен сөз, қысқарған сөз).
Дескриптор:
Күрделі зат есімдерді анықтайды;
Тілдік бағдар:
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер
жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер
жатады.
Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдер
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-
желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б.
Тіркес зат есімдер
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен
тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.