1-тапсырма. Ашық сұрақтарға 3 сөйлеммен жауап беріңдер, өз жауаптарыңда зат есімдерді түрлендіріп қолданыңдар (астын сыз).

 Егер сен суретші болсаң, нені елестетер едің?

 Шығармашылық адамы дегенді қалай түсінесіңдер?

Дескриптор:

 Сұраққа нақты жауап береді;

 Ойын жүйелі жеткізеді;

 Өмірден мысал келтіреді;

 Зат есімдерді түрлендіріп қолданады;

ҚБ.

2-тапсырма. Мәтіннен күрделі зат есімдерді теріп жазыңдар (біріккен сөз, қос сөз,

тіркескен сөз, қысқарған сөз).

Дескриптор:

 Күрделі зат есімдерді анықтайды;

Тілдік бағдар:

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер

жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

Біріккен зат есімдер

Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер

жатады.

Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.

Қосарланған зат есімдер

Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.

Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-

желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б.

Тіркес зат есімдер

Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен

тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.​

nastyamashkanc nastyamashkanc    3   01.02.2021 11:48    1

Ответы
Kirill0812 Kirill0812  01.02.2021 11:50

Кімде бар мағанда керек

Объяснение:

Бар болса беріңдерш

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi