1-тапсырма: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі автордың бейнесі қандай? Лирикалық кейіпкердің мақсатын, оқырмандарға берер ғибратты ойын ашып, өз көзқарасыңызды жазыңыз (7-8 сөйлем).
2-тапсырма: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндір? Ол өлеңнің қай бөлігінде ерекше көрініс тапқан?
Өлең жолдары Негізгі идеясы
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Білім алушы
Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды 1 Автор бейнесін анықтайды 1
Лирикалық кейіпкердің мақсатын ашады 1
Оқырмандарға берер ғибратты ойын анықтайды 1
Өз көзқарасы тұрғысынан жеткізеді 1
Пікірін 7-8 сөйлеммен жазады 1
Идеясы арқылы шығармада көтерілген
әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды 2 Мәселені анықтайды 1
Негізгі идеясын ашады 1
Өлең жолдарынан дәлелдер келтіреді 1
Барлығы 8