- Қазақ тiлi
- 1-тапсырма 1. Мəтінді
1-тапсырма 1. Мəтінді мұқият тыңдап (оқып), онда көтерілген мəселені «Фрайер» моделіне сүйеніп,
талдаңыз.
Жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз
Мəтінде көтерілген
мəселе
Жаңа нысанның кем дегенде екі
артықшылығын көрсетіңіз
Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз
Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем
дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз
Астанада жаңа көпір бой көтерді
Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі
хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді жəне велосипед
инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан,
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола жəне Жамбыл облыстарының
əкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы
жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын
баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының
нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан
Ноғаев.
Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін
Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге
ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық жəне бүкіл ел қуанышқа
кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Əсима Əлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы
үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi жəне телефон қуаттайтын құрылғылар
орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония жəне концерт қызметкерлері
ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің
жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.
СОР