1. Табиғаттағы су айналымы деген не? А) Судың булануы, бұлт түзілуі, жауын-шашын жаууы.
Ә) Мұздықтың еріп, бұлаққа айналып, одан кейін өзен, көлге қосылып, теңізге құйылуы.
Б) Табиғаттағы судың жердің беткі қабатынан, гидросферадан атмосфераға көтеріліп, одан кері қайтып, үздіксіз қозғалуы.
В) Табиғаттағы үздіксіз жауын-шашынның болып тұруы.
2. Су айналымына өсімдіктер қатыса ма?
А) Өсімдік көмірқышқыл газ сіңіріп, оттек бөледі. Осы арқылы табиғаттағы су айналымына қатысы жоқ.
Ә) Өсімдік топырақтағы суды сіңіреді. Артық суды жапырағы арқылы буландырады. Осы арқылы табиғаттағы су айналымына қатысады.
Б) Өсімдік топырақтағы суды сіңіреді. Артық суды жапырағы арқылы буландырады. Бірақ бұл су айналымына қатысуға жатпайды.
3. Судың газ тәрізді күйден сұйық күйге ауысуы табиғаттағы су айналымының қай бөлігінде жүреді?
А) Өзен суы – булану
Ә) Мұздық – тау өзені
Б) Өзен суы – мұз қату
В) Ауа құрамындағы бу – шық
4. Бұлттан жер бетіне сұйық күйде түсетін жауын-шашынның атауын тап.
А)қар
Ә) шық
Б)жаңбыр
В) бұршақ
5. Табиғаттағы су айналымы туралы тұжырымдармен таныс. Оларға төменде берілген мысалдардың сәйкес келетінін тап.
Табиғаттағы су айналымы Күн сәулесінің қыздыруы әсерінен жүзеге асады. Су тамшылары бірігіп ауырлайды. Осы кезде жаңбыр жауады.
Өзеннің беткі қабатындағы су буланады.
Табиғаттағы су айналымының жүруіне ауырлық күші әсер етеді. Шалшық тез жоқ болып кетеді.
7. Жауын-шашын туралы кластерге мұқият зер сал. Оны тиісті сөздермен толықтыр.
1.
2.
3.