1. Тұйық және бітеу буындары бар сөзді көрсетіңіз. А) Ғарыш. В) Күн. С) Кеше. Д) Ай. Е) Аспан.
2.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) ел, ер, үй В) есік, шөп, егін С) жел, жер, жаз Д) су, күн, шық Е) ұя, жыл, жүз
3. Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) байлық, қорықтар В) бай, асхана С) жорық, кілем Д) қала, мереке Е) басшылық, ұлттық
4. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Шалқарда. В) Кереге. С) Оқушының. Д) Сумен. Е) Ұлттар.
5. Бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Таразы В) Іні С) Шағала Д) Жаңғақ Е) Ұлт
6. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Түлкі. В) Радиодан. С) Иттер. Д) Терезенің. Е) Ағашқа.
7. Әкеңнің шешесі сізге кім болатынын анықтаңыз.
А) Әпке. В) Тәте. С) Туыс. Д) Нағашы әже. Е) Әже.
8. Жануарлардың ұйқыға кететін мезгілін көрсетіңіз.
А) Күз. В) Көктем. С) Жаз. Д) Қыркүйек. Е) Қыс.
9. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.
А) Қабырға, төбе, есік В) Тұлпар, күн сәулесі С) Дәптер, кітап, сызғыш Д) Емен, қайың, шырша Е) Бөлме, қабат, терезе
10. Қыстың өзіне тән белгісін атаңыз.
А) Жауын. В) Жел. С) Шөп. Д) Жаңбыр. Е) Қар.
11. Көптік жалғауды табыңыз.
А) Көрпем. В) Төсектің. С) Найзағай. Д) Ауруханаға. Е) Қызғалдақтар.
12. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.
А)–мен,-пен,-ын В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -де Д)–тар, -тер, -лар, -лер Е)–пен, -қа, -ке,-та
13. Көптік жалғауды көрсетіңіз.
А) –лар. В) –ым. С) –ге. Д) –ды. Е) –ның.
14. Ісмердің – сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А) Шығыс септік В) Атау септік С) Табыс септік Д) Барыс септік Е) Ілік септік
15. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін. В) –пын, -пін. С) –ға, -ге. Д) –мен, -бен. Е) –дың, -дің.
16. Сын есімді табыңыз.
А) Қайық. В) Бұрын. С) Ырық. Д) Бұйрық. Е) Жарық.
17. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Таза. В) Тұнық. С) Шыдамды. Д) Ұзақ. Е) Орта бойлы.
18. Сын есімді табыңыз.
А) Келді. В) Тәтті. С) Айтты. Д) Көшті. Е) Көкті.
19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.
А) Түзу. В) Жуан. С) Жіңішке. Д) Биік. Е) Мейірімді.
20. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Ақылды. В) Жарық. С) Жібектей. Д) Салмақты. Е) Судай.
20. Есептік сан есімді табыңыз.
А) Жетпісінші. В) Жетіден үш. С) Жетпістей. Д) Жетеу. Е) Жетпіс.
21. Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.
А)Негізгі,туынды. В)Есептік,реттік. С)Сапалық ,қатыстық . Д)Жалпы,жалқы. Е)Жіктеу, сілтеу.
22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екінің. В) Екімен. С) Екіден. Д) Екіні. Е) Екіде.
23. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) –ыншы, -інші. В) қосымшасыз. С) –ау, -еу. Д) –дай, -дей. Е) –дан, -ден.
24. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Екінші. В) Төртеу. С) Он-оннан. Д) Жетпіс бес. Е) Жиырма екінші.
25. Топтау сан есімді көрсетіңіз.
А) Әркім. В) Туып-өскен. С) Әйгілі. Д) Үш-үштен. Е) Бәйтерек.