1.Тітіркенгіштік дегеніміз не?​

sanyahit sanyahit    3   10.02.2021 12:23    0

Ответы
nikitavadimovih nikitavadimovih  10.02.2021 12:30
Тітіркенгіштік – тірі клеткалардың, тіндердің (ұлпалардың) немесе тұтас организмнің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару қабілеттілігі; ортаның өзгерістеріне бейімделушілік процесі. Тітіркенгіштікті тіршілік дамуының барлық деңгейлерінен байқауға болады, ол зат алмасу, электр потенциалы, протоплазма жағдайының өзгерістері сияқты кешенді өзгерістермен қабаттаса жүреді, ал жоғары сатыдағы жануарларда ол өздеріне тән қызметтерді орындаумен байланысты. Мысалы, жүйке импульстерін өткізу, бұлшық еттерді жиыру, секрет бөлу, т.б.; өсімдіктерде тітіркенгіштік мембрананың құрылымдық және функциялық өзгерістерімен байланысты және олардың реттеушілік жүйесінің негізін құрайды.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi