1. Түсіндірме сөздіктен «энергия» деген сөзді тауып ал. Қанша түрлі түсініктемесі бар? Жұбыңмен талқыла.
2. Жағдайды топта талқыла. Сұрақтарға жауап бер.
Екі жұмысшы құрылыста жұмыс істейді. Олар екінші қа-
батқа кірпіш тасиды. Біреуі оншақты кірпіш апарса, екін-
шісі тек екеуін апарады. Қай жұмысшының энергиясы көп?
Қай жұмысшы көп жұмыс істей алады? Олар бұл жұмысты
ұзақ уақыт істей ала ма? Неге? Мұны энергияны сақтау және
энергияның ауысу заңы көзқарасымен қалай түсіндіруге
болады? Энергияны сақтау үшін жұмысшыларға не істеу
керек?
88