1.төмендегі сөздердің қайсысы тасымалданады? А) өнер
Ә) полюс
Б) әкем
2.Қай сөз орфоэпиялық нормаға сай?
А) Амаңгелді
Ә) топырақ
Б) бейсенбі
3.Төмендегі сөйлемдердің қайсысында шылау бар?
А) Қазақ цирк өнері-сахналық-эстрадалық өнер саласы.
Ә)Футбол, баскетбол немесе волейболдан хабардар емес жан жоқ.
Б)Әне, алтын асықтай Бекзат тұғыр төріне табанттіреді.
4.-ым,-ім,-ың,-ің ненің жалғауы?
А. Септік жалғау
Ә. Жіктік жалғак
Б. Тәуелдік жалғау
5.Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылмайды?
А. Үтір, нүкте, сызықша
Ә. Қос нүкте, сұрақ белгісі, тырнақша
Б. Жақша, қос нүкте, тырнақша
6.Баламның досы екенсің әдейілеп ат басын тіреп тұрмыз дейді үлкен кісі. Осы сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қатарын тап.
А. Тырнақша, үтір, тырнақша, үтір, сызықша, нүкте
Ә. Тырнақша, үтір, тырнақша, сызықша, үтір, нүкте.
Б. Тырнақша, үтір, үтір, тырнақша, сызықша, нүкте.
7.Берілген сөздердің синонимдерін жаз.
Мойныма ілмексіңдер, айтқанымнан шықпайды, жалғыз, көзін сүзіп.
8.Берілген сөздердің антонимдерін жаз
Халін сұрау, сөз көтермейді, бұқара, бақ-дәулет, достық ниет.
9.Берілген сөздердің түрлі мағынасын ашып жаз.
Ат, өндіріс, қас, қара,шала
10."Қасиетіңнен айналайын, туған жер! Бізсіз гүлдеп, бізсіз өмір сүре алар, ал біздіғ рухымыз онсыз биік самғамақ емес. Иә, туған жер барда біз бармыз ". Мына жолдарды кіріспе етіп алып" Туған жер" тақырыбына эссе жаз.