1.Төменде берілген мәтіннен синтаксистік сөз тіркестерін теріп жазып, сөз тіркесінің түрін, байланысу түрлері мен тәсілдерін, синтаксистік қарым-қатынасын анықтаңыздар. Абай әзірге сөзді ұзаққа созған жоқ:
- Ғылымның жаманы жоқ. Біздей сусағанға қай ғылым болса да, соңына түссе, алтын асыл қазынадай. Азаматтық құралынды мығым етіп берерлік оқу, тәрбие болса, ата-ана одан өзгеге қолқа салмайды, қарағым! Халқына басшы болар талап соңына түссең, офицер боп жүріп жетесің бе, инженер болып, адвокат оқуын оқып жетесің бе, бәрібір! Қай тұрғысына барсаң да еліңнің мұңы мен мұқтажы мың батпан. Тек, оқып өсе беруіңе саушылық қуатың ғана жетсе екен деп тілеймін! – деді.