1)Составить диалог по тексту Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен
аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан
Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі
уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. 1934
жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын
жақсартып келеді. Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты
бойынша қабылданған.Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға,
әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және
қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым,
рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Университет
құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен
орталықтар, Технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар,
докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте
қызмет атқарады. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі
бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ-де көпсалалы білім беру жүйесі
қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары
профессиональды білім (магистр), аспирантура және докторантура. ҚазҰУ
мемлекеттік білім беру гранттары және келісім бойынша студенттерді
қабылдайды. Университет 180-нен астам мамандықтарды даярлайды.

Филин4625622 Филин4625622    2   10.12.2020 16:58    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi