1.Шығармадан алған үзіндіге сүйене отырып,әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдаңыз. р/с Кейіпкерлер Шығармадан үзінді Өз көзқарасыңызды білдіріңіз
1 Баян Дегенше,қалды тартып батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян
Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті,
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян
Жын шуы басқандай боп естімеді
«Жан көке,аға!»-деген сөзді,Баян
2 Ноян Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына
Түсінен шошыды да,тоқтап тұрды
3 Қалмақ қызы «Ноян бауырым-кебем !»-деді,
«Мен сенің сүйгеніңе сенем»,-деді
«Сүйемін мен де сені ,тәңірі куә,
Тән түгіл жаным саған берем?»-деді
«Нояным,бірақ сенен қалауым бар»,
Деді де сұлу ойға тереңдеді.

2. Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма? Ойыңызды дамытып шығармадан үзінді келтіру арқылы 5-6 сөйлеммен жазыңыз.

3. «Жау тылындағы бала »шығармасындағы Сережа мен бүгінгі балалар бейнесін салыстырып, шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын тауып,нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (5-6 сөйлем)

4. Берілген үзіндіден ассононс пен аллитерацияны V таңбасымен белгілеңіз.

Шығармадан үзінді Ассононс Аллитерация
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бәрінің бөлтірігі – бала Ноян
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы
Алыста туған, өскен жерім жатыр
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.

5. Шаншатайдың бойынан қандай ұлттық тәрбиенің көрінісін байқайсың? Колхоз а ң көмектесуін құптайсың ба? «Еңбек түбі -береке» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.(70-80 )

жауабы болмаса ашин жазбандарш алушын

ksenyaLove1246 ksenyaLove1246    3   17.03.2021 13:38    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi