1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып, қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз. Нұрхан: Апыр-ай, Сталиннің жаны ашымаса, құдайдың да жаны ашымағаны ғой.

Мүсірепов: Солай болғаны да. (Ойланып.) Ал Голощекиндікі көпе-көрнеу зорлық. Зорлықтың түбі – қорлық. Қорлықтың түбі – қу тақыр. Соны да көрдік біз пақыр. Нұрхан: Голощекин біздің жерді өртей беретіндей не жаздық? Осы өрттің отына бас-сирақ үйіте ме, қайтеді? Сондай бір зымиян ойы жоқ па?

Мүсірепов: Елдің – егесі, бөрінің – тәңірісі бар. Мәскеудегі азаматтарымыз: Рысқұлов, Нұрмақов... қарап қалмас.

Нұрхан: Ал... Алматыдағы азаматтар не бітіріп отыр? Тек бас шұлғи бере ме? Мүсірепов (күрсініп, алысқа қарап): Ұлық өзінен акылдыны ұнатпайды. Орнымды алып қояды деп қорқады. Біздің бетке ұстар, білімді, арлы азаматтарымызды Голощекин сырттатып жіберді. Алматыда қалғандарына күн көрсетпейді. Ал соның сөзін сөйлеп, сойылын соғатын Құрамысов сияқтылар қомпиып отыр.​

хомяк2005 хомяк2005    2   03.05.2021 10:37    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi