1.Ш.Қанайұлы кімдерді қатты сынға алғанын табыңыз. А) өз басын өзі алып жүре алмайтындарды
B) өзінен басқа ешкімді ойламайтындарды
C) халықты қанап жаншыған бай-болыстарды
D) хандық дәуірді аңсаған қарияларды [1]
2. Берілген шумақта Ш.Қанайұлы не туралы айтқысы келгенін табыңыз.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
А) бостандық
В) өнер-білім
С) әйел теңсіздігі
Д) қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы
[1]
3. «Зілді бұйрық» өлеңінен алынған тармақтың жалғасын табыңыз.
Келді де, алып кетті жақсыны айдап, ...
А) Жақсыдан жақсы қоймай алды санап
В) Барады боздақтардың көзі жайнап
С) Қамалғандар тірідей тартты азап
Д) Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты
[1]
4. «Зілді бұйрық» өлеңінің ұйқасы –
А) қара өлең ұйқасы
В) шұбыртпалы ұйқас
С) ерікті ұйқас
Д) шалыс ұйқас
[1]
5. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан?
А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде
В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында
С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
Д) 1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында
[1]
6. Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
[2]
7. Асылық,заманақыр,ақиық,шиен,ұлық- сөздерінің мағынасын ашып жазыңыз
[2]
8. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
9. Көппін деп айттың Қатаған,
Көптігің сенің қайда бар,
Үш атаның ұлысың,
Қазағымды қаптатсам,
Жұртта қалған күшіктей,
Айдалада ұлырсың!..деген Сүйінбай ақынның сөзін дәлелдер келтіре отырып түсіндіріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
10. Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды... деген өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
11. Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөзде сиқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай ұғындырар едіңіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
ответ беріңдерші менде қазір тжб болып жатыр