1. Сайлаубай Жұбатырұлымен болған сұхбатты оқыңдар. Жазушы пікірімен келісе-
сіңдер ме?
мәтін
Мына заманда жастардың электронды кітапты оқығанының өзіне шүкір-
шілік айтуымыз керек. Әрине, бұл – техника, прогресс, бұл үдерістер жеңеді.
Ертең саусағымызды шертіп қалып, көз алдымызға кез келген кітапты әкелетін
технологияға жетуіміз мүмкін. Кітапты оқудың мәнісі оның ішіндегі сөздің
мәйегін, философиясын, айтар ойын ала білуде ғой. Бірақ, әрине, табиғи кітап
оқығандай болмайды. Психолог мамандар кітаптың әр парағын саусақпен
ашудың өзі адамның жанына кереметтей ләззат беретінін, адамның қанына
толқыныс беретінін дәлелдеген. Бірінші бетін аяқтап, келесі бетке көшкеннің
өзі ойдың ұмтылысына, мидың жасушаларының толық жұмыс істеуіне әсер
етеді екен. Кітапты темір жәшіктен оқығаннан гөрі көзбен көріп отырып,
саусақпен парақтап оқыған тиімдірек деп ойлаймын. Бұл екеуінің арасында
үлкен айырма бар. Тіпті Пушкиннің өзі өмірден кетерінде адамдармен емес,
сөредегі кітаптарымен: «Қош болыңдар, менің достарым!» - деп қоштасыпты.
Сондықтан «тірі кітап» оқудың мәнісі өте зор. Өйткені ешқандай техника да,
ешқандай экран да кітап дейтін қасиеттіні ауыстыра алмайды. Кітап жасты-
ғыңның астында жатады. Түсіңе енеді, онымен сырласуға болады. Оған қайта-
қайта оралып соғуға болады.
с гол
Сұхбат қайда? Мында Сайлаубай Жабытырұлымен сұхбатты хок қой
Надеюсь это то что надо было если не то сори