1) Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажыратыңыз. 2) Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз.
3) Құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды. Сөз жүйесін тапқан кезде, мал иесін табады. Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын. Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады. Жұмысын ерте бітіргендіктен, қосымша тапсырма бердім. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады. Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды. Арман өлеңді жақсы айтқанымен, өзін көрсете алмай жүр. Ол үлкенмен де, баламен де әзілдесе беретін. Ойын аяқталған соң, Санжарлар үйге қайтты. Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар екен. Гүлбаршын сәлем беріп еді, ол қырын қарап кетті.