1 Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар ғы-
лым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына
ғана тән арнаулы сөздері де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен
техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын мұндай
сөздерді термин сөздер дейміз. Қазақ тілінде, негізінен, мынадай
Ғылым терминдері кездеседі:
1) математика терминдері: аксиома, синус, радиус, косинус, коман-
генс, биссектриса, коэффицент т.б.
2) физика терминдері: вольт, ампер, энергия, амплитуда, оптика,
атом т.б.
3) химия терминдері: катализ, ерітінді, аммиак, азон, бром, йод,
сульфат т.б.
4) география терминдері: материк, циклон, оазис, меридиан, архи-
пелаг, климат т.б.
5) спорт термині: бокс, зілтемір, акробат, спартакиада, стадион,
теннис т.б.
6) қоғамдық-саяси терминдер: демократия, реформа, кодекс, конс-
титуция т.б.
7) әдебиет пен өнер терминдері: mеатр, сатира, опера, драма, эпос,
дирижер, режиссер т.б.
8) лингвистика терминдері: лексикография, стилистика, фонема,
морфема т.б.
9) медицина терминдері: терапевт, хирургия, диагноз, рентгено-
лог, фармацевт, процедура, препарат т.б.
10)биология терминдері: ботаника, микроб, гибрид, ядро, биосфера,
цитоплазма т.б.
11) әскери терминдер: команда, офицер, штаб, миномет, тактика,
маневр, артиллерист т.б.
Мұнан басқа да өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының түрлі сала-
ларына қатысты толып жатқан терминдер кездеседі.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақ-
тап, жүйелейтін ғылымды «терминология» деп атайды.

сурак2. Ережедегі ғылым мен техниканың түрлеріне қатысты өздерің біле-
тiн терминдерді жазыңдар.​

Armatod Armatod    2   16.11.2020 09:38    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi